2009 жылғы басылымдар

Письменные памятники по истории Казахстана ХІІІ-ХІХ вв.

Құрастырушы: Ж.М. Тулибаева

Бұл жұмыс қазақ және Қазақстан тарихынан маңызды да толық мәлімет беретін ХІІІ-ХІХ  ғасырлардағы парсы тілдес жазба ескерткіштерді ғылыми сипаттаудан тұратын каталог. Жан-жақты талдау нәтижесінде қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды деректерді қамтитын түпнұсқалық деректер ғылыми айналымға енеді. Еңбектегі ХІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ және Қазақстан тарихына қатысты парсы тілдес деректерді аумақтық-кезеңдік, типтік және тақырыптық белгілеріне қарай классификациялау оларды жүйелеудің қолайлы да жүйелі сызбасын құруға мүмкіндік береді.

Кітап шығыстанушылар, тарихшылар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттерге, сондай-ақ қазақ және Қазақстан тарихына қызығушы қауымға арналған.

 Кітапты көшіріп алу

 

 

 

 
 
«Материалы по истории Казахстана и Центральной Азии. Выпуск І». Материалдар жинағы. Құрастырушы: Ж.М. Тулибаева. - Астана: Археография және деректану ұлттық орталығы баспасы, 2009. -266 б.
Археография және деректану ұлттық орталығының Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Халықаралық және аймақтық зерттеулер орталығымен бірлесіп шығарған бұл еңбегі – «Материалы по истории Казахстана и Центральной Азии» сериялық басылымының І шығарылымы.
Жинаққа араб, парсы, қытай және түркі тілдеріндегі деректердің орыс тіліне аударылған үзінділері енген және оған түсініктемелер мен ескертпелер берілген. Жинақта Қазақстан және Орта Азия халықтарының саяси тарихы мен мәдени өмірінің аз зерттелген тұстарынан жаңа мәліметтер келтірілген.