Орталықтың жарғысы
Submitted by admin on Fri, 04/24/2009 - 11:57
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы» (бұдан әрі – Ұлттық орталық) мемлекеттік мекемесі заңды тұлғаның мәртебесіне ие ұйымдастырушылық–құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйым болып табылады. Ұлттық орталық тарихи дереккөздерді зерделеу, пайдалану әдістемесін жасау, әдістемелік құралдар дайындау, Қазақстан Республикасында және шетелдерде сақталған Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен қолжазбаларды анықтау, оларға археографиялық сипаттама жасау, шетелдердегі Қазақстан туралы деректердің біртұтас мәліметтер базасын қалыптастыру үшін құрылды.
Ұлттық орталық Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2005 жылғы 1 наурыздағы №183 қаулысына сәйкес құрылды.
Ұлттық орталықтың құрылтайшылығын Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекет атынан іске асырады. Орталықтың мемлекеттік басқару органы, сонымен қатар оған қатысты меншіктік құқығы субьектісінің қызметін іске асыратын орган Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік мекеменің мекенжайы – Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Нұржол желекжолы, 12, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының ғимараты.
»






