Бөлімдер
Орталықтың құрамында археография зертханасы, деректану және әдістемелік зерттеу зертханасы, Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды зерттеу, жинау және мәліметтер жинақтау зертханасы, ғылыми-баспа бөлімі жұмыс істейді. Зертханалар мен бөлімдердің қызмет бөлісі айқын, өзіндік тұғырнамасы, қызмет ұстанымы бекітілген.
Алматы қаласындағы Археография зертханасының археография және деректану ұлттық
Деректану және әдістемелік зерттеу зертханасының мақсаты деректану саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті дамыту, деректану жөнінде теориялық, ғылыми әдістемеліктер әзірлеу, мұрағат дереккөздерін зерттеу және пайдалану болып табылады.
Зертхана қызметкерлері төмендегідей еңбектерді дайындап, баспадан шығарды:
- «Рукописи по истории Казахстана ХІІІ-ХVІ вв. В собрании Института востоковедения АН РУз» ғылыми-әдістемелік құралы. Бұл ғылыми-әдістемелік құралда Өзбекстан республикасының ҒА Әбу-Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақтаулы ХІІІ-ХVІ ғасырлардағы парсы тіліндегі тарихи шығармаларға түсініктеме беріледі;
- «Хрестоматия по истории межгосударственных отношений и дипломатии в Центральной Азии ХІІІ-ХV вв.» жинағы. Бұл жинаққа ХІІІ-ХV ғғ. шығыс шығармаларынан үзінділер аудармасы енген;
- «Трактат о Сайраме» шағатай тілінен аударылған, ХVІІ-ХVІІІ ғғ. «Трактат о святых Мадинат ал-Байда и Испиджаба» деген шартты атпен белгілі болған, қала тарихына арналған, үш бөлімнен тұратын шығарма.
Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды зерттеу, жинау және мәліметтер жинақтау зертханасының мақсаты – шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелеріне Қазақстан тарихы үшін құнды құжаттар мен қолжазбаларды іздестіру және сатып алу арқылы Қазақстан бойынша шетел деректерінен біртұтас автоматтандырылған мәліметтер базасын жүргізу, сондай-ақ деректерді жүйелеу және саралау, тарихи деректерді сараптау және оларды жариялау.
Зертханада 2006 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен әкелінген құжаттардың бірегей мәліметтер базасы «Электронды каталог» автоматтандырылған ақпарат жүйесі жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта зертхананың мәліметтер базасына 39 мыңнан астам құжат енгізілді. Мәліметтер базасын толықтырып тұрған құжаттар ХVI-XX ғасырларды қамтиды.
Осы мәліметтер базасының негізінде «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» атты ақпараттық анықтамалықтың I,II және III,IV томдары баспадан шығарылды.
Ғылыми-баспа бөлімінің мақсаты мұрағат құжаттары жинақтарын, альбомдар, ақпараттық анықтамалықтар дайындау, өңдеу және шығару, сондай-ақ Қазақстан тарихын зерттеуге бағытталған сирек мұрағат құжаттары негізінде археографиялық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру болып табылады. Бөлімде Орталықтың барлық баспа жұмыстары жүзеге асырылуда, жұмыс стилі мен әдістерін жетілдіру мақсатында қызметі сәйкес баспа бөлімдерімен байланыс орнатуда.
Бөлімде «Қазақстан Республикасы мұрағат мекемелерінің баспа басылымдары (1998–2005 жж.)» библиографиялық көрсеткіші, «Насролла Мубашшир ат-Таразидің жеке мұрағаты» танымдық анықтамалығы, «Көне мәдениеттің жазба ескерткіштері» зерттеу еңбегі, «2006-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі» күнтізбесі, «Астана – болашақ қаласы» жолсілтері, «Зарубежная архивная казахстаника» ақпараттық шолуы, «Ғабит Мүсірепов және мұрағат» құжаттар жинағы, «Мұрағат мекемелерінің жарияланымдық қызметі: бүгінгісі мен болашағы» республикалық ғылыми-практикалық семинарының материалдары, «Пути использования и совершенстовования современных научно-практических приемов и методов в работе с архивными материалами» республикалық оқу-практикалық семинарының материалдары, «Трактат о Сайраме», «Хрестоматия по истории межгосударственных отношений и дипломатии в Центральной Азии XIII-XV вв» жинағы, «Методика описания среднеазиатских рукописей» ғылыми-әдістемелік құралы баспадан шығарылды.






